Ер жігіт 50 минутқа сотталған
Аталмыш жан түршігерлік оқиға Британия елінде орын алған екен.
11:36 31.07.2019
Шейн Дженкинс есімді 20 жастағы жігіт 30 мамыр күні ішімдік пен есірткіні қатар қолданып, өзінің сүйіктісінің көлігін сыпырғышпен шағып тастаған. Артынша Шейн екі тәртіп сақшысымен төбелесіп, оқиға орынынан қашып кеткен.
Ұзамай бұзақы ұсталады. Десе де ол өз кінәсін толық мойындап, екі рет кешірім хатын жазған екен. Жергілікті сот бозбаланы 50 минутқа абақтыға жауып, 80 сағат ақысыз жұмысқа тағайындаған.
Еске сала кетейік, Түркістан облысында жолға таласқан жүргізушілер қарумен оқ атысқан.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!