{metadescription}
Ер адамның үйінен 37 жыл бұрын көмілген әйелінің сүйектері табылды

Ер адамның үйінен 37 жыл бұрын көмілген әйелінің сүйектері табылды

Ұлыбританияда 86 жастағы фермер ұсталды.

Ол 1982 жылы өз әйелін өлтірді деген күдікке ілініпті. Әйелі осыдан 37 жыл бұрын ұшты-күйлі жоғалып кеткен. Фермер көршілеріне жарының Испанияға аттанғанын, содан қайтып келмегенін айтқан. Алайда жергілікті тұрғындар, әйел өз-өзіне қол жұмсады деген ойда болған.

Тәртіп сақшылары 86 жастағы фермердің үйін тінтіп шығып, белгісіз адамның сүйектерін тауыпты. Ол септик резервуарында болған. Сараптама жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Алайда полиция адам сүйектерінің осыдан 37 жыл бұрын жоғалған әйелге тиесілі екеніне сенімді. Ұлыбританиялық зейнеткер үйін сатып, жақын жерге көшіп кеткен. Оның мұндай қадамға не үшін барғаны әзірге белгісіз.

Дереккөз: sputniknews.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.