{metadescription}
Ер адам жүріп бара жатқан пойыз астына әйел мен баланы итеріп жіберді

Ер адам жүріп бара жатқан пойыз астына әйел мен баланы итеріп жіберді

29 шілдеде Майндағы Франкфурт орталық вокзалында ер адам енді ғана келген жүргек пойыздың рельсіне 8 жасар ұл мен анасын итеріп жіберген.

Бала қайтыс болды, әйел аман қалды. Құқық бұзушы қашып кетуге тырысты, бірақ куәгерлер тұтқындап, полицияға тапсырды. Полицияның мәліметінше, куәгерлер шабуылдаушы қалааралық экспресс пойызына жақындағанда рельске екі адамды итеруге тырысқаны туралы хабарлады, бірақ жәбірленуші құламай қалды.

Тергеу шабуылдаушының Швейцарияда тұратын 40 жастағы Эритрея азаматы екендігі анықталды. Үйленген, үш баланың әкесі. Тергеушілердің айтуынша, айыпталушы мен зардап шеккендер арасында ешқандай байланыс табылған жоқ. Ер адам 2008 жылы Швейцарияда баспана алған. Ол содан бес күн бұрын көршісін пышақпен қорқытып, кейін оған қамауға алу ордері берілген.

Ол осыған байланысты Германияға сапарлауы мүмкін. Германия прокуратурасында айыпталушы ер адамның есірткі пайдаланғаны немесе мас күйде болғаны туралы дәлел жоқ. Шабуылдаушы неліктен мұндай әрекетке барғанын айтпай отыр. Қазір оған психиатриялық сараптама тағайындалды.

Қайғылы оқиғадан кейін адамдар вокзалдағы мемориалға гүл шоқтары мен шамдар әкеліп жатыр. Германия ІІМ басшысы бұл оқиғаны «адам өлтіру» және «ауыр қылмыс» деп атады. 30 шілдеде Берлинде өткізілген арнайы баспасөз мәслихатында Германия ішкі істер министрі Хорст Зеехофер неміс теміржол вокзалдарындағы полиция санын арттыру керектігін мәлім етті.

«Бұдан бөлек қауіпсіздікті күшейту үшін техникалық мүмкіндіктерді зерттеу керек», - деді осы оқиғаға байланысты демалысын үзген министр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде