{metadescription}
Енесінің қорлығына төзе алмаған келін көпірден секіріп кетті

Енесінің қорлығына төзе алмаған келін көпірден секіріп кетті

46 жастағы әйелге адамды өз-өзіне қол жұмсауға итермеледі деген айып тағылып отыр.

Тәжікстанда енесінің қорлығына төзе алмаған келіншек көпірден секіріп кеткен. Тұрдиева Шоире есімді 46 жастағы әйел баласы үйленгелі келініне күн көрсетпеген. Ол бір жыл бойы қызды кемсітіп, қорлап келген.

"Әйел келінінің намысына тиіп, қатыгездік танытқан. Мұндайға төзе алмаған келіншек өз-өзіне қол жұмсаудан басқа шешім таппаған", - деп жазылған хабарламада.

Бір жыл бойы енесінің қорлығына шыдаған келіні түскі 11:00 шамасында үйінен шығып, Сарбанд ауылының Джами ауданына қарай жүрген. Артынша көпірдің маңында тоқтап, Сир өзеніне секіріп, өз-өзіне қол салған. Қазіргі таңда 46 жастағы енесінің үстіне іс қозғалып, ол үш жылға дейін бас бостандығынан айырылды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.