Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Көкшетауда сотталғандар түрме қызметкеріне тап берді
Көкшетауда сотталғандар түрме қызметкеріне жабылған.
15:17 31.07.2019
Көкшетаудағы ЕС 166/24 түзету мекемесінің сотталушылары қызметкерге шабуыл жасаған. Қазіргі таңда сотталушыларының үстіне қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүргізілуде.
"Колонияның екі сотталушысы қызметкерге шабуыл жасап, соққыға жыққан. Қазіргі таңда ҚР Қылмыстық кодексінің 429-бабы бойыншы қылмыстық іс қозғалды", - дейді Ақмола облыстық департаментінің қылмыстық-орындаушылық жүйесі бойынша басшысының орынбасары Данияр Мадеев.
Оның айтуынша, шабуылдаушылар қазіргі уақытта тергеу изоляторында (ЕС 166/20), ал тұтқындардың қолынан жарақат алған қызметкер денсаулығын түзету үшін демалысқа жіберілген. Бұл істі прокуратура мен полиция бөлімінің тергеушілері жүргізуде, деп қорытындылады Мәдеев.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram