Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Оралда қылмыскер мәйітті төсегінің астында бір ай сақтаған
Төсектің астында тығылып жатқан ер адамның мәйітін қылмыскердің әріптесі кездейсоқ көріп қалған.
15:50 31.07.2019
58 жастағы Серікжан Әділов ЖШС "Ғимарат" компаниясында қарауыл болып істеген. Оған дейін ет бұзушы болыпты. Осы жылдың наурыз айында Әділов өз жұмыс бөлмесінде 38 жастағы Марат Черниязовпен бірге алкогольдік ішімдік ішкен. Дастархан басында екеуі бір-бірімен сөзге келіп қалады.
Сол кезде Черниязов Әділовты құлақ шекесінен ұрып жібереді. Әділов те бөтелекелесін қатты ұрғаны соншалық, ол құлаған бойы орнынан тұра алмай қалған. Ары қарай Әділов Черниязовтың мәйітін төсегінің астына тығып қойған, деп жазады stan.kz.
Қылмыскер жұмыс бөлмесінде мәйітпен бірге 27 күн бойы бірге жатқан. Бірақ оны кездейсоқ қарауылшының әріптесі көріп қалады. Сөйтіп полицияға хабар берген. Қылысы үшін Серікжан Әділовты сот он жылға бас бостандығынан айырды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram