Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Қытай билігі мұсылмандарға дінді дәріптеуге шектеу қойды
Қытайда мұсылмандарға дінді дәріптеуге шектеу қойды.
17:33 31.07.2019
Қытай астанасы Пекин билігі исламдық мейрамханалар мен дүкендердегі араб және ислам қаріптеріндегі жазуларды алып тастауға бұйрық берді. Осылайша қалада халал кеспе сататын сатушылар араб тіліндегі жазуды алып тастауға мәжбүр болған.
"Олар мұны шетелдік мәдениет деп айтты. Ал біз тек қытайлық нәрселерді пайдалануымыз керек", - деді мейрамхана менеджері.
Мұндай шаралар діннің барлық көріністерін біріктіріп, оларды қытай мәдениетіне сәйкестендіру мақсатында 2016 жылы басталған науқанның бір бөлігі болып табылады. Қытайдағы күмбездерді Таяу-Шығыстық шатырларға ауыстыуға да бұйрық түскені белгілі болған.
Негізінде Қытайда құжат бойынша дін бостандығы сақталған. Алайда, көптеген адамдар билік тарапынан діндеріне қатысты қысым көреді. Әсіресе елдегі 20 миллионға жуық мұсылмандарға жасалатын қысымның қатары көп.
2017 жылдан бастап ҚХР билігі мұсылмандар үшін концлагерьлер құрды деп айыпталды. Алдымен Пекин мұндай лагерьлердің болуын жоққа шығарған. Артынша мұндай шаралар азаматтарды қоғамдық өмірге қосу және қайта тәрбиелеу үшін қажет екенін түсіндірді.
Дереккөз: stan.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram