{metadescription}
ШҚО-да көлік қағып кеткен 5 жасар бүлдіршін көз жұмды

ШҚО-да көлік қағып кеткен 5 жасар бүлдіршін көз жұмды

Кеше Шығыс Қазақстан облысының Алтай ауданында қайғылы жағдай болды.

Жолдан өтіп бара жатқан ана мен баланы көлік қағып кетті. Балақай оқиға орнында қаза тапты.  Бүлдіршіннің анасы ауруханаға жеткізілген болатын. Алайда, дәрігерлердің айтуынша, 36 жастағы әйел ауруханаға жатудан бас тартқан.

Қазіргі уақытта оқиғаға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр, деп жазады Altaynews.kz.

«Қажетті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», – деп мәлімдеді ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.