Алматы-Хоргос тас жолында жол апаты боп, жүргізуші мен жолаушы қаза тапты
Оқиға тас жолдан 72 шақырым қашықтықта болған.
08:31 01.08.2019
31 шілдеден Алматы-Хоргос тас жолында жантүршігерлік жол апаты боп, көлік жүргізушісі мен жолаушы қаза тапты. Оқиға тас жолдан 72 шақырым қашықтықта болған. Audi жүргізушісі бұрылыста көлік рөліне ие бола алмай, жолдағы қоршауды 20 метрге дейін бұзып кеткен. Қоршаудың темірі көлік салонының ішіне кіріп кеткен.
Көлік жүргізушісі мен жолаушы сол жерде тіл тартпай кетті. Тағы бір жолаушы ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді. Оны аман алып қалу үшін аяғын кесуге тура келген.
Еске сала кетейік, Қостанайда бойжеткенді зорлықтан құтқарған ер адам істі болды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!