Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
18 адам фастфудтан уланды
Зардап шеккендердің үлкені 63-те болса, кішісі - 19-да.
10:34 01.08.2019
Душанбеде 18 адам хот-догтан уланып, ауруханаға түскен. Фастфуд дайындайтын асхана жабылған. Қазір тергеу ісі жүріп жатыр. Тамақтан уланғандардың бәрі 28 шілде күні ауруханаға түскен.
Душанбенің Сино аудандық эпидемиологиялық бақылау мекемесінің өкілі Мухиддин Гулаев ондаған адам «Максад» тез тамақтану орнынан хот-дог жегеннен кейін өздерін нашар сезінген дейді. Дереккөздің хабарлауынша, зардап шеккендердің үлкені 63-те болса, кішісі - 19-да.
Асхана қожайыны Пайваст Назармамадовтың айтуынша, соңғы жеті жылдан бері мұндай оқиға болмаған, ешкім шағым айтпаған. Хот-дог Душанбеде ең арзан тағамның біріне жатады. Тоқаштың арасына шұжық, сәбіз, майонез және кетчуп қосып береді.
Дереккөз: sn.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram