Бокстан әлем чемпионы туған қызын зорлаған
Танымал боксшының әйелі күйеуінің үстінен полицияға төрт жыл бұрын арыз түсірген.
12:40 01.08.2019
48 жастағы аргентиналық боксшы Карлос Бальдомир туған қызын зорлағаны үшін 18 жылға сотталды. Сот орта салмақтағы экс-чемпионның өз қызын 8-9 жасында бірнеше рет зорлағанын дәлелдеді. Карлос Бальдомирдің бұрынғы әйелі құқық қорғау органдарына 2016 жылы арызданған, бірақ тек 2019 жылы Санта-Фе соты үкім шығарып, боксшыны 18 жылға соттады.
Сотта ер адам тәртіпсіздік көрсетіп, жұртқа ортаңғы саусағын көрсетіп, балағат сөздер айтқан. Карлос Бальдомир – орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы. Ол спорттағы карьерасын 2014 жылы аяқтады. Кәсіптік бокста 49 рет жеңіп, 16 жекпе-жекте жеңілген. Ол жұдырықтасқан боксшылардың ішінде Флойд Мейвезер, Сауль Альварес және Вернон Форрест бар.
Дереккөз: sputniknews.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!