{metadescription}
БАҚ Усама бен Ладеннің ұлы қайтыс болғанын хабарлады

БАҚ Усама бен Ладеннің ұлы қайтыс болғанын хабарлады

АҚШ "Аль-Каида" террористік ұйымының негізін қалаушы Усама бен Ладеннің ұлы Хамза бен Ладеннің өлімі туралы ақпарат алды.

АҚШ-тың бірқатар басылымдары 31 шілдеде «Әл-Қаида» террористік ұйымының негізін қалаған Усама бен Ладеннің ұлы Хамза бен Ладеннің мерт болғанын хабарлады. Баспасөз құралдары АҚШ әкімшілігіндегі аты-жөнін атамаған дереккөзге сілтеме жасаған.

NBC News Ақ үйдің АҚШ әскерилері қатысқан арнайы операцияда Хамза бен Ладеннің шынымен қаза болғанына сенімді екенін хабарлады. New York Times басылымының жазуынша, арнайы операция соңғы екі жыл бойы жүргізілген, бірақ осы күнге дейін Усама бен Ладеннің ұлының қазасына дәлел болмаған.

Бұған дейін, АҚШ Хамза бен Ладен туралы ақпарат берген адамға бір миллион доллар сыйақы беретінін мәлімдеген.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде