Қазақстанда ең жоғарғы жалақы алатын мамандықтар аталды
Статистика комитетінің мәліметінше, қаржыгерлер мен сақтандырушылар айына шамамен 458 мың теңге табады.
11:03 02.08.2019
Деректер номиналды жалақыға қатысты. Әрі қарай өнеркәсіп саласы - тау-кен өндірісі, ғылыми-техникалық қызмет, ақпарат және байланыс, сонымен қатар құрылыс саласы жатады.
Ең төменгі деңгей ауыл, орман және балық шаруашылығында - 113 мың теңгеге жуық, деп жазады stan.kz.
Қазақстан Республикасындағы жалақы:
(II тоқсан)
Қаржы, сақтандыру қызметі - 458 000 тг
Тау-кен өндірісі - 387 300 тг
Ғылыми,техникалық қызмет - 315 100 тг
Ақпарат және байланыс саласы - 274 800 тг
Құрылыс саласы - 233 000 теңге
Ауыл шаруашылығы, орман, балық аулау - 112 900 тг
Сыйақы бойынша көшбасшы - Атырау облысы. Олар орташа есеппен 325 мың теңге алады. Одан кейін мегаполистер Нұр-Сұлтан мен Алматы. Ең төменгі жалақы Жамбыл облысында - 126,5 мың.
Аймақ бойынша:
(II тоқсан)
Атырау облысы - 325 005 теңге
Маңғыстау облысы - 289 593 теңге
Нұр-Сұлтан қаласы- 287 677 теңге
Алматы қаласы- 227 370 теңге
БҚО - 181 616 теңге
Жамбыл облысы- 126 500 теңге
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!