Елордада құрылыс краны құлады
Нұр-Сұлтанда " Сенсата Парк" ТК құрылыс алаңында мұнара краны құлады.
12:03 04.08.2019
Оқыс оқиға қалалық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, 3 тамыз күні сағат 09.24-те "Сенсата Парк" тұрғын үй кешенінде болған. Кран жүк көтеріп жатқан кезде құлаған.
Құрылысы жүріп жатқан тұрғын үй кешені Тұран даңғылында "Астана Опера" театры мен "Сарыарқа" сауда ойын-сауық орталығының арасында орналасқан. Абырой болғанда машинисі кабинасынан шығып үлгерген. Оқиғадан зардап шеккендер жоқ. Құрылыс нысаны "Sensata Construction" ЖШС-не тиесілі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!