Жүрегі тоқтап қала жаздаған ер адам о дүние туралы айтып берді
АҚШ-тың Дуглас есімді тұрғыны клиникалық өлімнен аман қалды.
15:16 04.08.2019
Есін жиғаннан кейін, жүрегі тоқтаған кезде біртүрлі аяндар көргенін айтты. АҚШ-тағы Техас штатының тұрғыны Дуглас 17 жасында өліп қала жаздаған. Ол жасөспірім кезінде ұйқысыздыққа қарсы қатты көмектесетін дәрілерді қабылдаған. Көбінесе оларды арақпен араластырып ішкен. Бұл әдетінің соңы жүрегінің тоқтап қалуына алып келді.
Дәрігерлер ер адамның өмірін сақтап қалды. Алайда, ол есін жиғаннан кейін, Исаның бейнесі мен жарқырап тұрған ұзақ дәлізді көргенін айтты. Сонымен қатар, дәлізде Иса Мәсіх Дугластан өмірін өзгертуді сұрапты. Ер адам ұстамасының салдарынан денесінің жерде жатқанын сырттан бақылап, өзін жеңіл сезінгенін тілге тиек етті. Ер адамның айтуы бойынша, осы жағдай бұрынғы іс-әрекеттеріне есеп беріп, дінді тереңірек тануға түрткі болған.
Дереккөз: Stan.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!