{metadescription}
Жасөспірім 6 жасар баланы 10 қабаттан итеріп жіберді

Жасөспірім 6 жасар баланы 10 қабаттан итеріп жіберді

Лондонның Тейт Модерн мұражайында қайғылы жағдай болды.

Британия жаңалықтар агенттігінің дерегі бойынша, 17 жастағы жасөспірім баланы 4 тамыз күні «Тейт Модерннің» 10-қабатында орналасқан шолу алаңынан тастап жіберген. Мамандар 5 қабатты ғимараттың шатырына құлаған баланы шұғыл жақын маңдағы ауруханаға тікұшақпен жеткізді. Дәрігерлер оның ауыр халде жатқанын айтады.

Адам өлтіруге оқталған 17 жастағы жасөспірімді көру алаңында галереяға келгендер ұстап алған. Кейін оны полиция қызметкерлері тұтқындады. Оның бұл қадамға не себептен барғаны белгісіз. Оқиғадан кейін мұражай жұмысын тоқтатып уақытша жабылды.

Полицияның мәліметінше, күдікті мен зардап шегуші таныс болмаған. Оқиға кезінде 6 жасар ұл әлемге танымал көркем галереяда отбасы мүшелерімен бірге жүрген.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.