Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Үйлену тойына келген қонақтар жаппай уланды
Әзірбайжанның Зяргярли ауылында өткен үйлену тойында меймандар жаппай уланды.
01:05 07.08.2019
Мереке аяқталғаннан кейін ішек инфекциясы симптомы 89 адамда байқалған, оның сегізі – бала. Бұл - аудандық аурухана мен Габала диагностикалық орталығына дәрігер көмегіне жүгінгендер. Жас жұбайлардың жағдайы белгісіз.
Әзірбайжанның Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, медициналық көмек көрсетілген соң адамдар үйіне жіберілген. 15 жастағы бала ауруханада ем қабылдап жатыр.
Жаппай улану фактісін құқық қорғау органдары тексеретін болады. Сондай-ақ, бұл іске азық-түлік қауіпсіздігі агенттігінің мамандары да жұмылдырылған. Қылмыстық іс қозғалды.
Дереккөз: sputniknews.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram