{metadescription}
6 алтын іздеуші карьерде ауа жетпей көз жұмды

6 алтын іздеуші карьерде ауа жетпей көз жұмды

Конго Демократиялық Республикасының шығысында орналасқан Джугу ауданында алтын өндірілетін карьерде жұмыс істеп жатқан алты алтын іздеуші оттегінің жетіспеуінен көз жұмды.

БАҚ-тан белгілі болғандай, заңсыз жұмыс істеген кеншілер дүйсенбі 5 тамыз  күні түнде «Ессіздік» атауымен белгілі карьерде қаза тапқан. Ол Джугу ауданына қарасты Мунгвалу ауылдық коммунадан жеті шақырымдай қашықтықта орналасқан.

«Бір құдықта жалпы 8 адам жұмыс істеп жатқан. Оттегінің жетіспеуінен осындай проблема туындаған. Екеуі көмек көрсетіліп, аман қалды, қалған алтауы оқиға орнында көз жұмды», - деді Мунгвалу ауылдық коммунасының басшысы Жан Пьер Бикилисенде.

Шахтаның полиция жасағы тергеу өткізу үшін оқиға орнына келді.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде