Ертісте мас күйде шомылған 3 адам суға кетті
Ертіс өңірінде өткен тәулікте үш адам суға батып кетті.
09:17 07.08.2019
-5 тамыз күні сағат 16:32-де Қ.Сәтпаев атындағы арнадан куәгерлер 1983 жылғы ер адамның денесін алып шыққан. Болжам бойынша ол ішімдік ішкен.
Ал 6 тамызда Павлодарда 2 адам Ертіс жағасында демалып жүріп суға кетті. Департаменттің мәлімдеуінше, шамамен сағат 19:30-да 48 жастағы әйел адам суға батып кеткен.
Алдын ала дерек бойынша, олар да мас күйде болған. Батып кеткендерді іздеумен екі жүзуге арналған құрал арқылы тоғыз құтқарушы айналысты. Айта кетейік, екі жағдай да шомылуға арналмаған жағалауда орын алған.
Дереккөз: pavlodarnews.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!