Әйел кейпінде түрмеден қашпақшы болған қылмыскер өлі табылды
Бразилия түрмесінде бұған дейін әйел кейпінде абақтыдан қашуға тырысқан сотталушы өлі табылды.
10:04 07.08.2019
Ол өзін туған қызы ретінде таныстырған. Ол Рио-де-Жанейродағы түрмеде жазасын өтеп жатқан. Оған әйелдің маскасы мен жасанды шашты келушілердің бірі берген. Ол өзін 19 жастағы қыз ретінде көрсетіп, түрмеден біржола қашып кетпекші болады. Басында оған ешкім мән бермеген. Алайда, шыға берісте оны тексерушілер ұстап алған. Полиция осыған қатысты тексеру жұмыстарын жүргізуде.
Осы оқиғадан соң ер адам Рио-де-Жанейродағы түрмеде өлі табылды. Әкімшілік ақпараты бойынша, қылмыскер асылып өлген. Енді сотталушының өліміне қатысты тексеріс басталды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!