Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Жаңа оқу жылында қандай өзгерістер болады?
Биылғы жылдың 1 қыркүйегінен бастап 4, 9 және 10-сынып оқушылары жаңартылған мектеп бағдарламасына көшеді.
12:50 07.08.2019
Алдағы оқу жылының ең басты жаңалығы – 10 сынып оқушылары «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» атты жаңа пәнмен танысады. Білім министрлігі аталмыш пән жоғары сынып оқушыларының мамандықты дұрыс таңдауына мүмкіндік береді деп отыр.
Республика мектептерінде 12 жылдық білім беру құрылымын енгізу шеңберінде 2016 жылдан бастап 1, 2, 3, 5, 6, 7 және 8 сыныптарда орта білім берудің жаңартылған мазмұны енгізілді. Жаңа бағдарлама Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірибесіне сәйкес әзірленді. Алдағы оқу жылында 4, 9 және 10-сынып оқушылары білім берудің жаңартылған мазмұнына көшеді. 2020-2021 оқу жылында бұл үрдіске 11-сынып та қосылатын болады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram