«Лекима» тайфуны Қытайға жақындап қалды
8 тамыздан 9 тамыз аралығында тропикалық «Лекима» тайфуны Тайвань аралының солтүстік жағалауына жетуі мүмкін.
16:19 07.08.2019
Қытай Орталық метеорологиялық обсерваториясының болжамынша, 8 тамыздан 9 тамыз аралығында тропикалық «Лекима» тайфуны Тайвань аралының солтүстік жағалауына жетуі мүмкін, содан кейін елдің шығыс жағалауындағы Фуцзянь немесе Чжэцзян провинцияларына қарай жылжи бастайды. Синьхуа агенттігінің хабарлауынша, тайфун көзі Тайбэйден оңтүстік-шығысқа қарай 1000 км қашықтықта орналасқан.
«Лекима» қазіргі кезеңде солтүстік-батысқа қарай 5-10 км/сағ. жылдамдықпен қозғалып бара жатыр, дауылдың қарқындылығы біртіндеп артып, екпіні 35-40 м/с жетуі ықтимал.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!