Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Тоқаев экс-министр мен бірнеше лауазымды қызметкерді қатаң жазалады
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Арыстағы жарылысқа жол бергені үшін лауазымды тұлғаларға қатаң сөгіс жарияланды.
19:03 07.08.2019
Мемлекет басшысының өкімінде айтылғандай, лауазымды тұлғалар өзіне жүктелген міндеттерді тиісті деңгейде орындамаған және қару-жарақ пен оқ-дәрілердің қауіпсіздігін және сақталуын қамтамасыз ету жұмысында елеулі кемшіліктерге жол берген.
Бұған қоса, Қару-жарақ пен оқ-дәрілерді сақтау объектілерін көшіру және орналастыру бағдарламасы тиісті деңгейде іске асырылмаған. Салдарынан Арыс қаласындағы әскери бөлімшедегі қару-жарақ жарылып, адам шығыны болған. Тоқаевтың өкімімен бұрынғы қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов Қазақстан Республикасының Қарулы күштері жүйесінен шығарылды.
Сондай-ақ, қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Қарулы күштері бас штабының бастығы Мұрат Бектановқа, қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Қарулы күштері бас штабының бастығы болып қызмет атқарған Мұрат Майкеевке, қорғаныс министрінің орынбасары болып қызмет атқарған Талғат Жанжүменовке қатаң сөгіс жарияланды.
Еске салсақ, 24 маусым күні сағат 10 кезінде Түркістан облысы Арыс қаласындағы әскери бөлімнің оқ-дәрі қоймасында жойқын жарылыс болды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram