Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Қостанайда он күн ыстық су болмайды
Қостанайда 19 тамыздан 28 тамызға дейін ыстық су болмайды.
18:34 07.08.2019
Қостанайда жылумен қамту жүйесін күзгі маусымға дайындауға байланысты, он күн бойы ыстық су болмайды.
«2019 жылғы 19-22 тамыз аралығында «ҚазТрансГазАймақ» АҚ газ құбырында жүргізілетін жоспарлы жөндеу жұмыстарына байланысты, біздің кәсіпорынға табиғи газ берілмейді. Осыған орай, аталған кезеңде Қостанай қаласының жылумен қамту жүйесін күзге дайындау жұмыстары жүргізіледі. 2019 жылдың 19 тамызынан 28 тамызына дейін бүкіл қалада ыстық су болмайды», - деп мәлімдеді коммуналдық кәсіпорын.
Компания келтірілген қолайсыздықтар үшін Қостанай тұрғындары мен қонақтарынан кешірім сұрайды.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram