Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Өскеменде 12 жастағы қыз іздестірілуде
Өскеменде полиция қызметкерлері жоғалып кеткен, кәмелеттік жасқа толмаған қызды іздестіруде.
10:10 09.08.2019
7 тамыз күні сағат 18:30-дар шамасында Өскемен қаласының Есенберлин көшесі 4 «А» мекенжайы бойынша тұратын, 12.05.2007 жылы туған Қанапиянова Жанерке Дәуренқызы үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған. Оны іздестіру жұмыстары ұйымдастырылып, іздеу шараларына Өскемен қаласы полиция басқармасының жеке құрамы мен Ұлттық ұланның 60 әскери қызметкері жұмылдырылған.
Іздеуші топтардың іс-қимылын дұрыс үйлестіру және оқиға болған аймақта тәжірибелік көмек көрсету мақсатында Шығыс Қазақстан облыстық Полиция департаментінің жеке құрамы мен басшылығы жүр. Жоғалған қыздың ерекше белгілері: бойы 130-135 см, орта денелі, шашы орташа ұзын, шашы мен көзі қара, қоңыр түсті жейде, ашық жасыл түсті шолақ шалбар киген. Жоғалған қыз туралы қандай да бір ақпарат білетін адамдар болса, жергілікті полиция бөліміне барып немесе «102» телефонына қоңырау шалу керек.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram