Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Алмазбек Атамбаев қамауға алынды
Қырғызстанның бұрынғы президенті 8 тамызда арнайы операция кезінде ұсталды.
10:38 09.08.2019
Қырғызстанның бұрынғы мемлекет басшысы Алмазбек Атамбаев Первомайский аудандық сотының шешімімен уақытша ұстау абақтысына 26 тамызға дейін қамауға алынды. Атамбаев 8 тамызда арнайы операция кезінде ұсталған. Заңгердің айтуынша, экс-президент Қырғызстанның Қылмыстық кодексінің 319-бабын (Жемқорлық) бұзды деген күдікке ілінгені туралы ІІМ хабар берген.
Әзірге ведомство ешқандай түсініктеме айтқан жоқ. 7 тамызда Қырғызстанның Кой-Таш ауылында арнайы жасақ Атамбаевты ұстау операциясын жүзеге асырмақ болды. Алайда бұрынғы мемлекет басшысының жақтастары оларға тойтарыс берді.
Ал 8 тамызда құқыққорғаушылар тағы операция бастап, 19.30-да Атамбаевты ұстады. Кейінірек наразылық білдірушілер күшпен тарқатылды. Соңғы деректерге сүйенсек, екі күндік қақтығыс салдарынан 85 адам зардап шеккен, арнайы жасақтың бір сарбазы оқ жарақатынан көз жұмды.
Дереккөз: sputniknews.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram