Солтүстік Қазақстанда анасы мен қызын өлтіріп кетті
Солтүстік Қазақстан облысында 39 жастағы әйел мен оның 3 жасар қызын қылмыскер пышақтап өлтірген.
12:39 09.08.2019
Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы жағдай Мәмлүт ауданының орталығында болған.
«Үйдің ауласындағы қорадан 39 жастағы әйел мен 3 жасар қызының пышақталған денелері табылды. Қылмысқа күдікті ретінде қаза тапқан әйелдің 25 жастағы танысы ұсталды», - деді полиция өкілі.
Адам өлтіру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып кетті. Күдікті сол ауданның тұрғыны, бұған дейін сотталғаны анықталды. Ол аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары