{metadescription}
Екібастұзда инспектор әскери билет сатпақ болған

Екібастұзда инспектор әскери билет сатпақ болған

Екібастұз Қорғаныс істері бөлімінің қызметкері алаяқтық айыбымен сотталды.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті Екібастұз Қорғаныс істері бөлімінің инспекторы Б. Қасымбаевқа қатысты тергеу амалдарын аяқтады. Қасымбаев өзінің қызметтік өкілеттігін пайдаланып, «әскери билет алып беремін» деп жедел әскери қызмет шақырылушысынан 800 мың теңге пара алған. 6 тамыз күні Семей гарнизоны әскери сотының үкімімен Қасымбаевқа 7,6 млн теңге айыппұл салынды», - делінген хабарламада.

Айыппұл үкім өз күшіне енген сәттен соң, 3 ай мерзімде төленуі тиіс. Төленбеген жағдайда жаза бас бостандығынан айыру түріне ауыстырылады. Сотталушы «Аға сержант» әскери шенінен айырылды және мемлекеттік қызметте лауазымды қызмет атқару құқығынан айырылды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.