Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Алматыда жоғалып кеткен отбасы табылды
Отбасы туыстарымен байланысқа шықты, олардың жағдайы жақсы.
17:28 09.08.2019
Алматыда бір күн бұрын жоғалып кеткен отбасы табылды. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Ведомствоның мәліметінше, жоғалған отбасының жағдайы жақсы.
"Отбасы туыстарымен байланысқа шықты. Олардың жағдайы жақсы. Кейінірек толық ақпарат береміз", - деді Алматы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Естеріңізге сала кетейік, бұдан бұрын ерлі-зайыпты – Андрей және Наталья Чурилиндердің жоғалып кеткені хабарланған болатын. Олардың кәмелетке толмаған үш баласы өздерімен бірге болған. Айта кетерлігі, отбасының барлық мүшесі мылқау, бір-бірімен тек ым арқылы сөйлеседі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram