Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Палуан бір мезгілде 15 МАЗ көлігін сүйретіп, рекорд жасады
Беларусь палуаны Дмитрий Белайц МАЗ-дың қаз-қатар тізілген үшөстік 15 тартқышын орнынан жылжытып, әлемдік рекорд орнатты.
09:20 11.08.2019
Ол техниканы 7 м 20 см қашықтыққа екінші талпыныстан 1 мин 0,75 секундта сүйреп апарды. Жүктің жалпы салмағы 157,5 т құрайды.
«Бұл рекорд Александр Григорьевич (Лукашенко – ред .) бастаған барша беларусьтықтарға арналады. Біз бірге мықтымыз, бізді ешкім жеңе алмайды», - деді Дмитрий Белайц.
Мұндай үлкен трюкті жасамас бұрын (алғаш рет жасалды) палуан ұзақ уақыт жаттыққан.
«Басшылық көмектесті. Мен көптеген әлемдік компаниялардан шақырту алдым, алайда Минскі автомобиль зауытын таңдадым. Бүгінде ол Беларусь халқының мақтанышына айналды. Қиыр Шығыс, Қазақстан, Украина елдері бізді МАЗдар арқылы бағалайды. Мақтанатын дүниеміз баршылық», - деді Дмитрий Белайц.
Дмитрий Белайц – Беларусь күштік көпсайыс федерациясының құрметті өкілі және «МТЗ Сибирь» ЖШҚ бас директоры. Спортшы Гроненскі облысында дүниеге келген, ұзақ уақыт дзюдомен, самбомен айналысып, ұлттық құрамада ойнаған. Ал кейін күштік экстриммен әуестенген. Бұған дейін серіктесі Михаил Шивляковпен бірге әлемдегі ең үлкен тракторды тартқан екен.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram