Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Алматыда жүргізуші оқ атып, төбелес шығарған
Алматы полициясы жолда оқ атып, төбелес шығарған "Газель" жүргізушісін іздеп жатыр.
10:43 11.08.2019
Куәгерлердің айтуынша, оқиға Жетісу ауданындағы Первомай мұнай базасы көшесінде болған. Toyota Chaser мен "Газель" жүргізушілері жолды бөлісе алмағанға ұқсайды.
"Екеуі де батыс бағытта келе жатты. "Газель" жүргізушісі екіншісінің жолын кесті. Осыдан кейін екі көлік те тоқтап, жүргізушілер арасында жанжал шықты", - деп хабарлады куәгерлер.
Жолаушылардың бірінің сөзіне сенсек, "Газель" жүргізушісі Toyota автокөлігін тізгіндеген адамды тапаншамен қорқытқан. Кейіннен оқ атып, көлігімен оның үстінен басып өткен. Артынша ізін жасырған. Оқиға орнына жол полициясының қызметкерлері, анықтаушылар мен криминалистер келді. Оқиға орнынан қашып кеткен жүргізушінің кім екені анықталды, іздеу жұмыстары жүріп жатыр. Иномарка жүргізушісі ауыр хәлде жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді.
Дереккөз: Sputnik
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram