Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
ШҚО-да бір жасар бала терезеден құлап көз жұмды
ШҚО-да бір жасар бала көпқабатты үйдің терезесінен құлап қайтыс болды.
11:29 11.08.2019
Қайғылы жағдай 10 тамызда Алтай ауданында Комаров көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірінде болған. Куәгерлердің айтуынша, бала пәтердің бесінші қабатындағы терезеден құлап кеткен. Алтай ТЖБ бұл ақпаратты растады.
Мамандар бала сол жерде-ақ қаза болғанын хабарлады. Осыған байланысты құтқарушылар тобы ата-аналарға сақ болуларын өтініп, дабыл қағуда.
"Қырағы болыңыздар. Терезелерді жауып жүріңіз, москит торына сенбеңіз! Балаларды қараусыз қалдырмаңыз!", - деді Алтай ТЖБ мамандары.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram