{metadescription}
Бензовоз жарылып, 60 адам жанып кетті

Бензовоз жарылып, 60 адам жанып кетті

Танзанияда бензовоз жарылып, салдарынан 60 адам мерт болды, тағы 70-і зардап шекті.

Бензовоз Дар-эс-Саламнан батысқа қарай шамамен 125 миль (200 шақырым) жердегі Морогоро қаласында аударылып, ішіндегі бензин сыртқа төгілген. Жергілікті тұрғындар жанармайды құйып алып жатқан уақытта көлік жарылған.

«Көп адам көз жұмды. Тіпті, бензин ұрлауға бармағандар да ажал құшты. Өйткені бұл жерде адам көп еді», - дейді куәгерлердің бірі. 

Оның айтуынша, жалын асқан жылдамдықпен таралып, адамдарды құтқарып қалу мүмкін болмаған. Twitter желісінде жарияланған кадрлардан ондаған адамның канистрлермен бензин құйып алып жатқанын көруге болады. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.