«Қайраттың» бұрынғы ойыншысын атып өлтірді
«Қайраттың» бұрынғы ойыншысы Дуглас Нуньес да Силваны түнгі клубтан шыққанда атып кетті.
11:27 12.08.2019
Ақпаратты бразилиялық «Коринтианс» растады. Футболшы соңғы кезде осы клуб құрамында ойнап жүр. 27 жастағы Нуньес Бразилия кубогының жартылай финалынан кейін жалғыз өзі Эрехимнің орталығындағы түнгі клубтардың біріне барған. Ғимарат ішінде ол біреулермен сөзге келіп қалып, ақырында клубтан шыққан бетте оны көлікпен өтіп бара жатқандар атып кетеді.
«Нақты не болғанын айта алмаймын, себебі ол кезде мен ұйықтап жатқанмын. Қазір не болғанын білу үшін полиция учаскесіне келдім. Мен оның демалыс күні командаластарымен бірге болғанын білемін», - деді Клубтың бас бапкері Андреа Бие.
Айта кетейік, кезінде Дуглас Нуньес алматылық "Қайрат" сапында өнер көрсеткен. Ол командамен бірге 2017 жылы Қазақстан чемпионы болған және УЕФА кубогінде 3-орынды иеленген.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!