Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Алматыда кеңсе тауарлары бар қойма өртенді
Алматы қаласында кеңсе тауарлары сақталатын қойма өрткен оранды.
09:46 13.08.2019
101 басқару пультіне "Самғау" (Құрылысшы) ықшамауданындағы Көкорай көшесінің бойындағы өрт туралы хабарлама 05.06-да түсті. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер 400 шаршы метр аумақты алып жатқан екі қабатты қойманың шатыры өртеніп жатқанын анықтады.
"Жеке құрам және арнайы техника ТЖД тапсырмасы бойынша осы іске жұмылдырылды, сонымен қатар екі цистерна суда "Алматы Тазалық" жеткізіп берді. Ғимарат маңында су қоймасы болмағандықтан, өртті алауыздақтау қиынға түсті. Басым бөлігі батыс жақ беті көбірек жанған. Өрт сөндірушілержасаған шараларының арқасында отты алауыздықтап, көрші жеке секторға өтіп кетудің алдын алды",- делінген хабаралмада.
Сағат 06:28 де оттың жалыны басылып, 07:09 да толығымен сөндірілді. Бас-аяғы бұл іске 50 адам, 12 техника жұмылдырылды. Тілсіз жаудан зардап шеккендер жоқ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram