Қарқаралы ұлттық парк орманы өртеніп жатыр
Қарағанды облысында Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің территориясына тиесілі орман өртеніп жатыр.
10:50 13.08.2019
«12 тамыз күні сағат 17:26 өрт сөндіру қызметіне Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылынан 30 шақырым жердегі «Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» Бақты орман шаруашылығының учаскесінде құрғақ шөп жанып, орман алқабын шарпып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Өрт болған жерді барлауға арнайы тікұшақ та жіберілді», - деді ведомствоның арнайы өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.
Бастапқы болжам бойынша, өрт 70 гектар орман алқабын шарпыған. Өртті сөндіруге облыстық ТЖД-ның (77 адам, 13 техника), Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің (25 қызметкер мен 6 техника), Кувск орман қорғау және жануарлар әлемі шаруашылығы (4 қызметкер мен 1 техника) мен еркін өрт сөндіру құрылымдарының (38 қызметкер мен 5 техника) күштері мен техникалары жұмылдырылды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!