{metadescription}
Павлодар облысында жол апатынан ер адам қаза тауып, үшеуі зардап шекті

Павлодар облысында жол апатынан ер адам қаза тауып, үшеуі зардап шекті

Жол апатынан MAN көлігінің жүргізушісі қаза тауып, үш адам зардап шекті.

Павлодар облысы полиция департаментінің хабарлауынша, қайғылы оқиға осы жылдың 11 тамызында сағат 16:00-де "Қалқаман – Баянаул – Керней" жолының 209-шақырымында Теңдік ауылының маңында болған. Nissan Almera және MAN көлігі соқтығысқан. Салдарынан екінші көлікті тізгіндеген 51 жастағы жүргізуші алған жарақытынан ауруханада көз жұмды. 

"Nissan Almera автомобилінің жүргізушісі, көліктегі 42 жастағы әйел және екі жолаушы: 2009 жылы туған ұл мен 2007 жылы дүниеге келген қыз түрлі дене жарақатымен Баянауыл ауданының ауруханасына жеткізілді", - дейді облыстық полиция департаментінің мамандары.

Тіркелген факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) сотқа дейінгі тергеу басталды. Тиісті сараптама тағайындалды. Сонымен қатар облыстық денсаулық сақтау басқармасы оқиға орнына Теңдік, Қарашы ауылдары мен Баянауыл ауданының жедел жәрдем қызметі шұғыл жеткенін хабарлады. 

"Дәрігерлер 10 жастағы ұлға жабық ми жарақатын алған, миы шайқалған, 12 жастағы қызға сол жақ жіліншігі, сол жақ иық сүйегі сынған деген диагноз қойыпты. Баянауыл ауданының орталық ауруханасына жеткізілген 1977 жылы туған әйелдің оң жақ мықынының сүйегі, сол жақ жіліншігі сынған", - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Темірғалиева.

Дереккөз: Sputnik

Кеше

20 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде