Той үстінде 29 адам уланған
Украинаның Закарпатье облысында 29 адам той үстінде уланып ауруханаға түсті.
14:39 14.08.2019
Украинаның Бас төтенше жағдайлар қызметінің мәлімдеуінше, оқыс оқиға Берегов ауданында болған. Астан уланған 29 адамның сегізі – жас бала.
«12-13 тамыз күндері Берегов аудандық орталық ауруханасына 29 адам (8 бала) жатқызылды. Олар 10 тамыз күні «Семейный уют» мейрамханасында болған тойда (жалпы 190 адам болған) тамақтан уланған», - делінген хабарламада. Қазір індет тарауының алдын алу шаралары жүріп жатыр.
Еске сала кетейік, зейнеткер протез тісін жұтып қойып, онымен бірнеше күн жүргенін жазған болатынбыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!