Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Атамбаевқа 14 қылмыстық іс бойынша айып тағылды
Оның ішінде Қырғызстанның бұрынғы басшысына кісі өлтіруді ұйымдастырды деген айып тағылып жатыр.
16:36 15.08.2019
Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев 14 қылмыс жасады деген күдікке ілініп, хабарландыру жіберілді. 16 тамызда Атамбаев Бішкек қалалық сотына жеткізіледі, деді оның кеңесшісі Құндыз Жолдыбаева. Тұтастай алғанда бұрынғы мемлекет басшысына құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қарсы күш қолданды, жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастырды, кісі өлтіруды ұйымдастырды мен кісі өлтіруге оқталды, адамдарды тұтқынға алды деген айып тағылуда.
Бірінші айыпты Ішкі істер министрлігі қылмыс әлемінің серкесі Азиз Батукаевты босату туралы іс бойынша таққан болатын. 13 тамызда 7-8 тамыз оқиғаларына (Атамбаевты ұстау процесіндегі тәртіпсіздік) қатысты сотқа дейінгі тергеулер басталды, бірнеше аса ауыр қылмысты жасады деген күдікке ілінгені туралы хабарлама тапсырылды. Онда тоғыз қылмыстық іс туралы айтылған.
Сәрсенбі, 14 тамызда Әскери прокуратура экс-президентке тағы екі қылмыс туралы хабарлама берді: "Медиафорум" ғимараты және Бішкек жылу электр стансасын жаңғыртуға қатысты. Екі жағдайда да – "Сыбайлас жемқорлық" бабы. Парламент депутаттары Атамбаевтың бес қылмысқа қатысы болуы мүмкін деп күдіктенген еді, деп жазады sputniknews.kz.
Бейсенбі, 15 тамызда Әскери прокуратура Атамбаевқа Қой-Таштағы жер теліміне қатысты тағы екі хабарлама тапсырды. Оған Қой-Таш ауылындағы жер учаскесін пайдалану мақсатын заңсыз өзгертті және иемденді деген айып тағылған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram