{metadescription}
Әлеуметтік қызметкерлер жалақыны өсіргеннен кейін депутаттарға шағымданды

Әлеуметтік қызметкерлер жалақыны өсіргеннен кейін депутаттарға шағымданды

Елордада әлеуметтік қорғау саласында 1300 адам еңбек етеді, олардың орташа жалақысы – 80 мың теңге.

Елорданың әлеуметтік қызметкерлері мәслихат депутаттарына жалақының төмендігіне шағымданды. Биыл маусымда әлеуметтік сала қызметкерлерінің жалақысы 30 процентке көтерілді. Алайда ақшалай мәнде үстемақы небәрі бес-алты мың теңгені құраған. Бұл туралы елорда мәслихатының отырысында қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Сәуле Нұрғожина айтты.

"Тағы бір проблеманың бірі – әлеуметтік сала қызметкерлерінің айлығын өсіру. Жалақыны 30 процентке көтергенмен, небәрі бес-алты мың теңге ғана қосылды", - деді ол.

Айтуынша, бүгінде елордада 1300 әлеуметтік қызметкер жұмыс істейді. Олардың орташа жалақысы 80 мың теңге шамасында, деп жазады sputniknews.kz. Ақпан айында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 1 шілдеден бастап бюджет саласындағы айлығы төмен қызметкерлердің жалақысын 30%-ке, аудандық және облыстық деңгейлерде тікелей халықпен жұмыс істейтін атқарушы органдардың төменгі сатыдағы қызметкерлерінің жалақысын орташа есеппен 25%-ке өсіруді тапсырған болатын.

Олардың арасында әлеуметтік қызметкерлер, кітапxанашылар, орманшылар, ветеринар дәрігерлер, іс жүргізушілер, аула сыпырушылар, теxникалық персонал және тағы басқа жұмысшылар бар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде