Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Жүгері алқабына қонған ұшақта зардап шеккендер саны 76-ға жетті
Мәскеу түбінде апаттық жағдайда қонған Airbus A321 ұшағында зардап шеккендер саны 76-ға жетті, соның 19-ы – бала.
09:37 16.08.2019
Бұл туралы кеше РФ Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеген.
«Мәскеу облысының Рыбаки деревнясын жақын маңдағы жазыққа Airbus ұшағының апаттық жағдайда қонуына байланысты, Мәскеу уақытымен 20:00-дегі дерек бойынша 76 адам адам, соның ішінде 19 бала дәрігер көмегіне жүгінді», - делінген мәлімдемеде.
Министрліктің мәлімдеуінше, 69 жастағы әйел стационарлық ем-дом алып жатыр. Оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Қалғандарға амбулаториялық көмек көрсетілген. Бұған дейін 55 адам зардап шеккені хабарланған, деп жазады ҚазАқпарат.
Еске сала кетейік, «Урал әуе жолдары» әуе компаниясының Airbus A321 жолаушылар ұшағы Жуковский әуежайы маңында апатты жағдайда қонуға мәжбүр болған. Ұшақ Симферопольға ұшып шыққан.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram