Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Полицейлер пышақ ала жүгірген жасөспірімдерді атып тастады
Иерусалим қаласындағы қарулы шабуыл салдарынан бір офицер орташа дәрежеде жарақат алды.
11:39 16.08.2019
Израильде полицейлерге шабуыл жасалған сәт видеобақылау камерасына түсіп қалды. Құқық қорғаушылар шабуылдаушыларға оқ жаудырып, тойтарыс берген, алайда олар полицейлердің бірін жарақаттап үлгерген.
"Иерусалим қаласындағы қарулы шабуыл салдарынан бір офицер орташа дәрежеде жарақат алды. Полиция оқ атып, екі террористке тойтарыс берді", - деп хабарлады Израиль полициясының ресми өкілі Мики Розенфельд.
Израиль бұқаралық ақпарат құралдары шабуылдаушылардың бірі қаза тауып, екіншісі ауыр жарақат алғанын хабарлады. Оқиға орнынан түсірілген видеокадрды жергілікті баспасөз таратты.
Ескерту! Видеода зорлық-зомбылық көріністері бар!
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram