Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Тоқаев мұғалімдердің жалақысын екі есеге өсіруді тапсырды
Тамыз конференциясына екі мыңнан аса мұғалім қатысып жатыр.
12:11 16.08.2019
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тамыз конференциясында мұғалімдердің жалақысын екі есеге өсіруді тапсырды. Қазақстан президенті мұғалімдердің айлығы төмен екенін атап өтті.
"Турасын айту керек. Бүгінде мұғалімдердің жалақысы ең төмен деңгейде қалып отыр және экономика бойынша орташа жалақының 65 процентін ғана құрайды", - деді президент тамыз конференциясында.
Мемлекет басшысы ұстаздардың айлығын көтеруді тапсырды.
"Мұнымен, әрине, біз келіспейміз. Сондықтан үкіметке білім саласына білікті мамандарды тарту үшін және мұғалім мәртебесін көтеру үшін жалақыны төрт жыл ішінде екі есеге көбейтуді тапсырамын", - деді Тоқаев.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram