{metadescription}
Қазақстанда ҰБТ-ны электронды түрде өткізбек

Қазақстанда ҰБТ-ны электронды түрде өткізбек

Нұр-Сұлтан қаласында өткен тамыз конференциясында білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Қазақстанда болашақта ұлттық бірыңғай тестілеуді электронды түрде тапсыруға болатынын мәлімдеді. 

«Талапкердің жүйені алдаудың әдістерін іздейтініне қатысты фактілер бар. Телефон алып кіреді. Білімінің көмегімен емес, басқа да құралдардың көмегімен грантқа ие болу туралы ойлайды. Біз ҰБТ тапсырудың электронды жүйесіне көшуді жоспарлап отырмыз. Бұл бірте-бірте жүзеге асады. Осындай жоспарымыз бар», - дейді Аймағамбетов. 

Еске сала кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тамыз конференциясында ағылшын тілін оқыту қай сыныптардан басталатынын айтты.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде