{metadescription}
ШҚО-да бір жарым жасар бала жоғалып кетті

ШҚО-да бір жарым жасар бала жоғалып кетті

Шығыс Қазақстанның Алтай ауданында кішкентай бала жоғалып кетті.

«17 тамыз күні Алтай аудандық полиция бөлімінің 102 нөміріне Средигорное ауылының тұрғыны қоңырау шалып, 2017 жылы дүниеге келген ұлының ауладан шығып кеткенін және қазіргі уақытқа дейін қайда екендігі белгісіз екенін айтты. Ақпарат түскеннен кейін қажетті іздеу шаралары ұйымдастырылып, оған аудандық полиция бөлімі жеке құрамының 100 қызметкері, төтенше жағдайлар қызметінің 24 қызметкері және 300 ерікті жұмылдырылды», - делінген ҚР Ішкі істер министрлігінің Facebook-тегі парақшасында жарияланған ақпаратта.

Полицейлер ауыл тұрғындарынан сұрауда. Құтқарушылар жақын маңдағы ескі құрылыстарды, шұңқырлар мен жертөлелерді, сондай-ақ балақай тұрған үйден 20 метр қашықтықта орналасқан өзен арнасын тексерді. Өкінішке орай, әзірге ешқандай дерек жоқ.

Жоғалған сәби, 2017 жылы дүниеге келген Әлихан Талғатовтың бойы 80-90 см, шашы қара, қысқа. Үстіне балықтың суреті бар көк түсті футболка, көкшіл-сарғыш түсті шолақ шалбар киген. ШҚО ТЖД қандай да бір ақпарат білген адамдардың «112» немесе «102» телефондары арқылы дереу хабарлауын сұрайды.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде