Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Ақтөбеде әйел пойыз астына секіріп, 2 аяғынан айырылды
Әйел станцияның қызметкері, Шалқар қаласының тұрғыны екені белгілі болды.
11:38 20.08.2019
Алматы-Ақтөбе бағытындағы пойыз әйелді екі аяғынан айырды. Қайғылы оқиға 19 тамызда Ақтөбе облысындағы Шалқар станциясында болды. Әйел станцияның қызметкері, Шалқар қаласының тұрғыны екені белгілі болды. Ол 33 жаста.
Шалқар станциясында хабарланғандай, куәгерлердің бірі әйел жолдың арасындағы платформада тұрғанын және пойыз қозғала бастаған кезде пойыздың астына секіргенін айтты. Жәбірленуші аудандық ауруханаға жеткізілді, екі аяғы да тізеден жоғары кесілді.
Әйел тұрмыс құрған, үш баласы бар. Апат таңертең станция қызметкері түнгі ауысымнан шыққан кезде болды. Тергеу жүріп жатыр.
Дереккөз: stan.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram