Әйел дені сау ұлына 13 ота жасатып, сотталды
Американың Техас штатының тұрғыны ешқандай қажеттілік болмаса да, дені сау ұлын дәрігерлерге 323 рет апарған.
12:07 20.08.2019
35 жастағы Кэйлин Боуэн-Райт (Kaylene Bowen-Wright) 2009-2016 жылдары он жастағы ұлын ауруханаға апарып, 13 ота жасатқан. 2017 жылы қамқоршылық органдары одан ұлын алып кеткен. Әйел енді баласының денсаулығына қасақана зиян келтіргені үшін 20 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Енді баланы әкесі жалғыз тәрбиелейтін болады. Ал анасы болса сотта өз кінәсін мойындаған.
Еске сала кетейік, Жамбылда имам досын пышақтап, артынша өзі асылып қалғанын жазған болатынбыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!