Әскерде 18 жастағы сарбаз қаза тапты
20 тамызда Түркіменстанның Балканабад шаһарындағы әскери бөлімшеде қызметін өтеп жатқан Овезали Экаев есімді 18 жастағы жауынгер қаза болды.
09:44 22.08.2019
Бұл жайында Азаттықтың түркімен қызметі хабарлады. Аймақтық тілші хабарлағандай, жауынгердің денесі ата-анасына жеткізілген.
«Жауынгердің денесін 20 тамызда 16:00 шамасында әкелген, 17:30 шамасында жерлеген. Жақындарына оның өлімінің себебі туралы ешнәрсе айтпаған. Сүйекті жеткізген әскери комиссариаттың өкілдері мен полиция қызметкерлері туысқандарынан бұл оқиға туралы ешкімге ешқандай мәлімет бермеу туралы тілхат жаздырып алған», - дейді тілші.
Оның айтуынша, туғандары марқұмның денесінде дақтар болғанын айтып, оған зорлық көрсетілген болуы мүмкін деп есептейді. Экаев - соңғы бір ай ішінде Түркіменстан әскерінде қызметін өтеп жатып қаза тапқан кемінде екінші жауынгер.
Дереккөз: centralasian.org
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!