{metadescription}
Алғаш рет  Байқоңырдан ғарышқа робот ұшырылды

Алғаш рет Байқоңырдан ғарышқа робот ұшырылды

«Союз-МС» көліктік кемесі бар «Союз-2.1а» жаңа зымыран-тасығышын Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшыру сынағы сәтті өтті.

Бейсенбі күні таңертең "Союз-2.1а" зымыран тасығышы адамға ұқсас роботпен бірге «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшырылды. Орбитаға шыққан соң ғарыш кемесі Халықаралық ғарыш станциясына екі тәулікте жетуі тиіс, робот ұшу кезеңдерін хабарлап отырады. Роскосмос телестудиясы бортында робот бар «Союз МС-14» кемесінің Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылу сәтін стартқа жарты сағат қалғанда тікелей эфирден көрсете бастады.

Орбитада Федор 17 тәулік жұмыс істейді. Осы уақыт аралығында Халықаралық ғарыш айлағындағы ғарышкерлер оператордың қимылын қайталайтын арнайы костюм көмегімен роботты басқарады. Содан кейін ол қайта Жерге оралып, Қазақстанға 7 қыркүйек күні 00.35-те қонады.

«Союз-2.1а» зымыран-тасығышы ұшырылар алдында робот ұшу алдындағы дайындық туралы баяндады. «Кеттік!» пәрменін айтуды да ұмытқан жоқ. 10 минут бойы ұшудың параметрі мен байқаған жағдайлар туралы комментарий білдіріп отырды.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.