Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Арыстағы жарылыс: Әскери бөлім басшысы мен оның орынбасары ұсталды
Арыстағы жарылысқа қатысты әскери бөлімнің командирі мен оның орынбасары қамауға алынды.
08:08 24.08.2019
Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметі хабарлайды.
«2019 жылдың 23 тамызында ІІМ Тергеу департаментінің қылмыстық істер жөніндегі Әскери-тергеу басқармасымен Арыс қаласындағы арсеналдың жарылу фактісі бойынша әскери бөлімнің командирі мен оның орынбасары – артиллериялық қару-жарақ сақтау базасының бастығы ұсталды», - делінген ІІМ хабарламасында.
Ұсталған күдіктілер ҚР ҚК 462-бабы 3-бөлігінде қарастырылған (жарылғыш заттарды ұстау ережелерін бұзу), 453-бабы 2бөлігі (ауыр зардапқа апарып соққан немқұрайлылық) бойынша қамауға алынған.
«Бүгін Түркістан облысы Арыс аудандық сотымен аталған адамдарды 2 айға «Қамауға алу» шарасы қабылданды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр», - деді ІІМ.
Естеріңізге сала кетейік, 24 маусымда сағат 09:20-да өртке қарсы қызметтің пультіне қоймада жарылыс болды деген хабар келіп түсті. Ол Түркістан облысы Арыс қаласындағы әскери бөлімнің аумағындағы өртке ұласқан.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram